Қонақ дәрістері форматында жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату

22.10.2022

Өндіріспен байланысты қолдау және практикаға бағдарланған оқытуды ұйымдастыру мақсатында колледж түлектері өздерінің құнды білімдері мен тәжірибелерін бөлісе алатын алаңдар құрылды. Колледж базасында жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің қатысуымен қонақ дәрістері мен шебер-сыныптары ұйымдастырылды. 2022 жылғы 18 қазан күні "Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК-нің әлеуметтік әріптесі "EURASIAN MILK" ЖШС бас директоры А. В. Гриценко "Сүт өнімдерін өндіру" мамандығы бойынша студенттерге арналған қонақ дәрісіне қатысты. А.В.Грищенко сүт өңдеу саласын дамыту жоспары, сүт өнімдерін микробиологиялық үрдіспен дамыту, енгізу және сапасын жақсарту маңыздылығы және пайдалы қасиеттерін арттыру ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар зауытта жүргізіліп жатқан ірімшіктер мен ашытылған сүт өнімдерін өндіру бойынша инновациялық зерттеулермен таныстырды. "EURASIAN MILK" ЖШС-і өңірдегі сүт өңдеу бойынша озық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорында еуропалық өндірістің жаңа жабдықтары орнатылған, барлық технологиялық үрдістер автоматтандырылған. Қонақ дәріс барысында директор біздің колледждің 2 курс студенттерін 2022 жылы 22 қазан күніне жоспарланған таныстыру экскурсиясына, ал 4 курс студенттерін диплом алды тәжірибе өтуге шақырды. Андрей Валерьевич кәсіпорында мамандардың жетіспеушілігі туралы айтып, студенттерді барлық бастамаларында қолдауға уәде берді және түлектерді кәсіби ынтымақтастыққа шақырды. Сондай-ақ, 2022 жылғы 20 қазанда "Агрохимснаб" ЖШС ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын пайдалану жөніндегі бас инженері И. А. Степанюк "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша студенттерге қонақ дәрісі өткізілді, оның барысында Игорь Анатольевич өзінің еңбек жолын, бәсекеге қабілетті еңбек нарығындағы заманауи құзыреттер (soft skills) туралы айтты. Сондай-ақ, шаруашылықтың негізгі бағыттары, МТА жаңарту және басқа да мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтылды. Осылайша, бірлескен жұмыс еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жұмысшы кадрларды дайындауға мүмкіндік береді.



Текст
Виртуальная приемная